Елімізде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталуда

Елімізде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталуда Сурет: Тengrinews.kz

Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін  қабылданады.


Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.


Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.


Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:


Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;


Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;


Сыртқы саясат және инвестициялар;


Экономикалық және қаржылық саясат;


Цифрландыру;


Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;


Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:


- Құжаттарды қабылдау;


- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;


-Ситуациялық тапсырмаларды шешу;


- Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);


- Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;


- Ұлттық комиссия отырысы.


Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09