Қазақстан мен Ресей мамандары шекара маңындағы шегірткемен күресті бірігіп жүргізеді

Қазақстан мен Ресей мамандары шекара маңындағы шегірткемен күресті бірігіп жүргізеді Сурет: 360tv.ru

Олар бірлескен іс-шаралар жоспарын мақұлдады.


Қазақстан мен Ресей мамандары арнайы кездесіп, шегіртке зиянкестерінің таралуына жол бермеу жөнінде жоспарды талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



 «Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өсімдіктерді қорғау қызметі мамандарының қатысуымен екі жақты келісімі шеңберінде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларын өткізу мәселелері жөніндегі халықаралық кеңесі өтті», - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



Іс-шара барысында мемлекеттер аумағында шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ олардың шектес аумақтарға көшуіне жол бермеу мақсатында өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.


Кездесу қорытындысы бойынша, 2022 жылы Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарында шегіртке зиянкестерінің таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары мақұлданды.


Сондай-ақ, тараптар екі мемлекеттің шекара маңы аумақтарына шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтарын анықтау және олардың көшуіне жол бермеу мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізу туралы келісімге келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53