«Қарасора» 1300-ден астам есірткі қылмысын ашты

«Қарасора» 1300-ден астам есірткі қылмысын ашты Сурет: Ortcom.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Серік Сұлтанов мәлімдеді.


Оның айтуынша, «Қарасора» іс-шарасы басталғалы 1300-ден астам қылмыс анықталды, 765 сату фактісі тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Өткен аптада Жамбыл облысында есірткі бойынша ірі құқықбұзушылықтардың жолы кесілді. Белбасар ауылында автокөлікті тексеру кезінде 2 қап кептірілген марихуана табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 34 келіге жетті», - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Серік Сұлтанов апталық брифингте.

Заңсыз айналымнан 8 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 168 келі синтетикалық түр тәркіленді. 24 нарколаборатория таратылды.


«4 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, 8 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырғаны үшін 6 және трансұлттық топты құрғаны үшін – 2 іс бар. 100 кг-нан астам есірткі, 84 тоннадан астам прекурсорлар және 24 тонна «көкнәр» тәркіленген 4 көшбасшы мен 30-дан астам қылмыстық топ қатысушылары қылмыстық жауапқа тартылады», - деді Серік Сұлтанов.

Айта кетейік, жыл сайын маусым айынан қазанға дейін жабайы қарасораның өсуі мен пісуі кезеңінде «Қарасора» жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі.


Өткен айда полицейлер 315 қылмысты анықтады, оның ішінде 121 өткізу фактісі, есірткіні заңсыз сақтаудың 49 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 114 фактісі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54