Қандастарды қолдауға арналған субсидия мөлшері көбейді

Қандастарды қолдауға арналған субсидия мөлшері көбейді Сурет: Uralskweek.kz

7 мыңнан астам қандастар мен қоныс аударушылар өңірлік квотаға енгізілген.


2021 жылы этникалық қандастарды қолдауды дамыту үшін көшуге берілетін субсидия мөлшері екі есеге - 35 АЕК-тен (107,2 мың теңге) 70 АЕК-ке (214,4 мың теңге) дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Бұл туралы министрліктің кеңейтілген алқа отырысы барысында айтқан ведомство басшысы Серік Шәпкенов 2021 жылы 7 мыңнан астам қандастар мен қоныс аударушылар (2,6 мың отбасы) өңірлік квотаға енгізілгенін және қоныс аудару бойынша мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілгенін хабарлады. 


Министр қазіргі уақытта Еңбек және халықты қорғау министрлігі еңбек иммигранттары мен босқындар мәселелері бойынша функцияларды қабылдау бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын да атап өтті. 



«Министрлік Көші-қон саясатының келесі бесжылдыққа дамуын айқындайтын жаңа тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Шетелде жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғау үшін еңбек мигранттарының еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету туралы екіжақты келісімдер жасалады», – деді ол.



Еңбек министрі көші-қон саясаты бойынша өңіраралық еңбек ұтқырлығы шеңберінде оңтүстіктен солтүстікке 6,3 мыңнан адамның қоныс аударуы, шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде 3 және 4-санаттар бойынша қызметкерлер санын азайту, қазақстандық және шетелдік жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеудегі сәйкессіздіктерге жол бермеу жөнінде алдын алу шараларын қабылдау 2022 жылдағы басты міндетіміз дейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14