Әлемдегі қалалардың ластануы рейтингінде Қазақстан да бар

Әлемдегі қалалардың ластануы рейтингінде Қазақстан да бар Сурет: Ztb.kz

Ластану деңгейі бойынша Қазақстанның рейтингтегі көрсеткіші көңіл көншітпейді


Қалалардың ластану деңгейі ең нашар 115 елдің арасында түзілген рейтингте Қазақстан 33-орында тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Елдердің қалаларының ластануына орай түзілген рейтингте Қазақстан әлемнің 115 елінің ішінде 33-орынға тұрақтаған. Ластану индексі – 73,4.


Бұл ретте индекстің жоғары болуы жағдайдың нашар екендігін білдіреді. Ең лас елдер рейтингінің көшбасында Камерун, Моңғолия және Мьянма тұр.


Ал әлемдегі ең үздік көрсеткіш, яғни тазалығы жағынан жоғары баға Финляндияға тиеслі. Бұл елдің ластану индексі 12,1 ғана.


Рейтингке ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда ластануы жоғары елдердің қатарында Әзірбайжан бар. Ал Молдова, Украина, Ресей, Армения және Беларусьта жағдай біршама жақсы.


Өткен жылдың 12 айының қорытындысында елімізде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі инвестиция көлемі 4,3 пайызға артып, 16,,9 млрд теңгеге дейін жетті. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2020 жылы секторға салынған инвестиция көлемі 157,1 млрд теңгені құраған болатын.


Өңірлер арасында сектордағы күрделі инвестицияның ең жоғары көлемі Жамбыл облысында тіркелген. Өңір секторға 1 жыл бұрынғы көлемге қарағанда қаржыны 4 есеге ұлғайтып, 52,8 млрд теңгеге жеткізген.


Сонымен қатар секторға қаржы салуда Нұр-Сұлтан (26 млрд теңге) мен Ақтөбе облысы (19,8 млрд теңге) жақсы көрсеткішке ие. Үздік бестік қатарына Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстары да кіреді. Ал Алматы облысы бір жылдың ішінде секторда 579,6 млн теңге жұмсаса, Солтүстік Қазақстан облысы өткен жылы мүлде инвестиция шығындамаған.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32