Грек-рим күресінен қазақстандық балуандар үш күміс, бір қола медаль алды

Грек-рим күресінен қазақстандық балуандар үш күміс, бір қола медаль алды Сурет: Olympic.kz

Чемпионат бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда басталды.


Азия чемпионатында ел намысын 10 балуан қорғауда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Құрлықтық дода Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда бүгін жалауын көтерді. Аталған сында Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) қырғыз балуаны Мелис Айтбековпен жұбаныш финалында қола жүлде үшін белдесті. Нәтижесінде ол қарсыласын 7:2 есебімен қапы қалдырып, үздік үштікке тұрақтады. Айта кетсек, Н.Тұрсынов 2015 жылы Катарда өткен Азия чемпионатында күміс медаль иегері атанған еді.


Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Аманғали Бекболатов (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (63 келі) и Мақсат Ережепов (77 келі) күміс медаль алды. Енді қазақстандық Әлімхан Сыздықов (130 келі) оңтүстік кореялық Минсок Киммен бас жүлдені сарапқа салады. Жарыс кестесіне сәйкес ертең, 20 сәуірде 60, 67, 72, 82 және 97 келідегі спортшылар боз кілемге шығады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14