Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде төмендеді

Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде төмендеді Cурет: Inbusiness.kz

GGG енді BoxRec рейтингінде екінші орында тұр


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің үздік боксшылары рейтингінде көшбасшы позициясынан айырылып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Boxrec.com сайты жапондық Риота Муратаны (16-3, 13КО) жеңген Головкиннің рейтингін кезекті мәрте жаңартты.
Ендігіде Геннадий Головкин салмақ санатына қарамастан барлық боксшылар енген (pound-for-pound) BoxRec рейтингінде екінші орында тұр. Оның ұпайы – 688,7. Айта кетейік, аталған ресурс GGG-ді Муратамен айқастан кейінгі келесі күні бірінші орынға шығарған болатын.
Boxrec.com рейтингінде бірінші орын қайтадан максикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске (57-1-2, 39КО) берілді, 869,7 балл.
Әлемнің үздік боксшыларының үштігін америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29КО) түйіндеп тұр, 513,6 балл.⠀
 Еске салайық, биылғы 9 сәуірде Риота Муратамен жекпе-жекте Геннадий Головкин WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белдіктерінің иесі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37