Ғалымжан Қырықбай дзюдодан Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алды

Ғалымжан Қырықбай дзюдодан Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алды Сурет: Ашық дереккөз

Жапония астанасы Токиода дзюдодан Grand Slam бәсекесі аяқталды. Жылдың қорытынды додасында Қазақстан құрамасы бір медальге қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


100 келіден жоғары салмақта белдескен қазақстандық дзюдошы Ғалымжан Қырықбай жарыс барысында барлығы төрт кездесу өткізіп, үшеуін жеңіспен аяқтады.


Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ерлер арасында аса ауыр салмақтағы Ғалымжан Қырықбай қола медаль үшін жекпе-жекте чех Лукас Крпалектен басым түскен.


Іріктеуде америкалық Кристиан Коновалды жеңгенімен, кейін жапон Кокоро Кагюрадан ұтылып қалды.


Жарыс қожайыны финалға шыққандықтан Ғалымжан жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды. Онда моңғолиялық Цеценсенгель Одхууды ұтты.


Сондай-ақ 100 келіге дейінгі салмақтағы Нұрлыхан Шархан да қола медаль үшін күрескен.


Алайда қазақ дзюдошысы жұбаныш кездесуінде германиялық Джордж Удсилауриді ұтқанымен, жүлде жолында жарыс қожайыны Котаро Уеокаға жол берді.


Осылайша 100 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Шархан Нұрлыхан жарысты 5-орынмен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12