Фейерверктен полиция қызметкері қаза тапты

Фейерверктен полиция қызметкері қаза тапты Cурет: Inform.kz

Отшашуды жағу кезінде жарылыс болған


Ресейдің Рязань облысының Захаровский ауданында отшашу кезінде қаза тапқан ер адам Мәскеудің Шығыс әкімшілік округі бойынша ішкі істер басқармасының Экономикалық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


ТАСС-тың мәліметінше, ол жаңа жыл түнінде отбасымен фейерверк атқан. Отшашуды жағу кезінде жарылыс болып, соның салдарынан полиция қызметкері бас сүйегінен жарақат алып, сол жерде қайтыс болды. Ол ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері жұмыс істеген.


Бұған дейін Ресей Федерациясы Рязань облысы бойынша тергеу басқармасының баспасөз қызметі отшашу кезінде жарақат алған 1984 жылы туған ер адамның өліміне қатысты тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Тергеушілер оқиға орнын қарап, пиротехникалық заттар мен қажетті құжаттарды тәркіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02