Ержан Бабақұмаров: ұжымдық иммунитет қалаға бұрынғы өмір ырғағына оралуға мүмкіндік береді

Ержан Бабақұмаров: ұжымдық иммунитет қалаға бұрынғы өмір ырғағына оралуға мүмкіндік береді almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында мегаполисте барлық жағдай жасалғанын, вакциналау үшін қажетті инфрақұрылым салынғанын хабарлады. Алайда, кейбір азаматтар әлі егу туралы шешім қабылдаған жоқ деп мәлімдеді.



«Вакциналау біз үшін стратегиялық мәселе болып табылады, оған қаланың тұрақты дамуы тәуелді. Жаппай вакциналау басталғанға дейін осы жылдың ақпан айында барлық инфрақұрылым, соның ішінде суық тізбек және вакциналау пункттері дайындалды», - деді Ержан Бабақұмаров.



Алматы әкімі орынбасарының пікірінше, қазір вакциналау үшін ең қолайлы сәт, қала тұрғындарының көпшілігі демалыстан оралды, мектеп сыныптары мен жоғары оқу орындарының аудиториялары толтырылды. Қала толыққанды жұмыс режиміне оралды. Тек вакциналау бұл жағдайды сақтап, аурудың өршуіне жол бермейді.
Ержан Бабақұмаров Алматыда вакциналауды жүргізу үшін медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 250 егу пункті дайын екенін атап өтті. Бүгінде оның ішінде 160 егу пункті, құрамында 1028 медицина қызметкері бар 237 егу бригадасы жұмыс істейді.
Алматы әкімінің орынбасары ақпан айында вакциналаудың бірінші кезеңі аясында медицина қызметкерлері, оқытушылар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері - барлығы 3 мыңнан астам адам вакциналанғанын еске салды.


«Сәуір айынан бастап халықты вакциналауға кірістік. Бастапқыда Алматының ресми тіркелген 2 млн тұрғынының 1,2 млн-ға жуығын егу міндеті тұрды. Бұл вакциналауға жататын халықтың саны, медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, жүкті әйелдер мен балаларды қоспағанда», - деп еске салды Е. Бабақұмаров.


Бірінші кезеңде 18 жасқа дейінгі балаларды шегергенде 2 млн тұрғыннан 602 мың адам, жүкті әйелдер - 20 551, медициналық қарсы көрсетілі бар - 173 мың адам, 1 090 103 адамды вакцинациялау міндеті тұрды.


Бүгінгі таңда КВИ-ге қарсы егудің бірінші компонентін вакциналауға жататын 960 мыңнан астам адам алды, бұл 77%-ды құрайды; ал екінші компонентті 873 мыңнан астам тұрғын алды.



«Pfizer вакцинасының алдағы түсуін ескере отырып, вакциналауға жататын халықтың саны 1,3 млн адамды құрайды, оның ішінде 12-17 жастағы жасөспірімдер мен жүкті әйелдер. Осылайша, жаппай вакцинация жүргізіліп жатқан елдердің тәжірибесі бойынша 300 мыңдық деңгейді еңсеруге күш саламыз деп үміттенеміз, жағдайды сенімді тұрақтандыру үшін халықтың 90%-ын немесе одан да көбін вакциналау қажет», - деді Алматы әкімінің орынбасары.



Ержан Бабақұмаров Алматыдағы вакциналаудың қарқынын күн сайын бақылап отыратынын және әзірге олар идеалдан алыс екенін хабарлады. Ол мегаполистің вакциналанбаған тұрғындарын өздерінің қауіпсіздігі, туыстары мен достарының денсаулығы, шектеулерге байланысты жақсы жаққа өзгере алмайтын өмір сапасы туралы байыпты ойлауға шақырды.



«Ұжымдық иммунитет қалаға бұрынғы өмір ырғағына оралуға, әдеттегі өмір салтын қалпына келтіруге және барлық шектеулерден арылуға мүмкіндік береді. Вакциналаудың тиімділігі туралы Алматыда коронавирустық инфекцияның төртінші толқыны ұзақтығы бойынша басқа өңірлерге қарағанда екі есе қысқа болғандығымен айтуға болады. Осы кезеңде халық белсенді түрде вакциналанды, тәулігіне 10 мыңнан астам адам екпе алды. Бұл  халықтың КВИ-ге қарсы иммунитетін қалыптастыруға мүмкіндік берді», - деп жалғастырды сөзін Ержан Бабақұмаров.



Вакциналау қарқыны туралы айта келе, әкімнің орынбасары вакциналанбаған қала тұрғындарының басым көпшілігі ауырып, реанимацияда жатқанын айтты. Стационарларға түскендердің жалпы санының тек 0,03%-ын бұрын КВИ-ге қарсы вакцина алған пациенттер құрайды. Бұл факт уақтылы вакциналаудың тиімділігін көрсетеді.



«Мен әлі вакциналауға батылы жетпеген алматылықтарды барлық қорқыныш пен күмәнді жойып, тағы да екпе салдыруға шақырамын. Қаланың әрбір тұрғыны азаматтық жауапкершілік пен белсенділік танытуы тиіс», - деді Ержан Бабақұмаров.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12