Елде өзен-теңіз көліктеріне арналған айып тұрағы көбейеді

Елде өзен-теңіз көліктеріне арналған айып тұрағы көбейеді Сурет: Time.kz

 Қазақстанның шағын көлемді флотында 19 мыңға жуық кеме бар.


Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев еліміздің су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейту бойынша қолға алынған жұмыстар жайлы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Cумен жүретін көліктердің басым бөлігі Алакөл және Балқаш көлдерінде, Бұқтырма мен Қапшағай су қоймаларында, сондай-ақ Каспий теңізінің жағалауында қатынап жүр.


Маусым айынан  бастап көлік бақылау инспекциялары «Назар аударыңыз! Шағын флот!» республикалық іс-шарасын өткізуді қолға алған. Бұл арқылы елімізде шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды жолға қойып, жағалаулардың маңындағы демалу орындарында халықтың қауіпсіздігін сақтау көзделіп отыр. Аталған іс-шара 31 тамызға дейін жалғасады.



«Былтыр еліміздің су айдындарындағы қауіпсіздікті бақылау үшін 3061 тексеру жұмысы жүргізіліп, оның нәтижесінде шағын кемелерге қатысты 795 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олар жеке құтқару құралдарының болмауы, кемені құжатсыз пайдалану мен басқару, навигациялық белгілердің талаптарын сақтамау, сондай-ақ кемедегі қалдықтар пен басқа да заттарды су айдындарына төгуге қатысты болды», - деді М.Қарабаев.



Жергілікті атқарушы органдарға өтініштерді жіберудің нәтижесінде ұсталған су көліктеріне арналған айып тұрақтары Ақмола, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында құрылды. Алайда Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Абай және Жетісу облыстарында бұл бағыттағы жұмыс кенжелеп тұр. Министр бұл өңірлермен қажетті жұмыс жалғасатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12