Димаш Түркиядағы концертін бір минут үнсіздікпен бастады

Димаш Түркиядағы концертін бір минут үнсіздікпен бастады сурет:vestikavkaza.ru

Жүргізушілер Димашқа түрік ұлттық аспабы багламаны сыйға тартты.


Түркияда Димаш «Golden» атты титулдық әнінің әуенімен сахнаға шықты. Негізгі бағдарлама басталмас бұрын әнші көңіл айтып, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін бір минут үнсіздік жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Димаштың жеке концерті Antalya Expo Kongre Merkezi-де өтті.


Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келді. Көрермендер әртістің ана қазақ тілінде орындаған композицияларын тыңдап қана қоймай, ағылшын, испан, итальян, орыс, француз, қытай және жапон тілдеріндегі әндерден де ләззат алды. Сондай-ақ, концерт көрермендерін Димаш пен арнайы шақырылған қонақ, қабылдаушы елдің өкілі, Бурак Йетер есімді музыкант үлкен тосын сый күтіп тұрды.


Концерт өте жылы атмосферада өтті. Әртіс қазақша, ағылшынша сәлемдесу сөзінен бастап қана қоймай, түрік тілінде сәлемдесіп көрермендердің көңілінен шықты және кеш барысында қолтаңба қалдырумен жалғасын тапты.


Бұл кеште талғамы биік халықаралық тыңдаушылардың назарына ағылшын тіліндегі «If I never breathe again», «Fly Away», «Screaming», «Give me your love» шығармалары, қобыздың терең үнімен сүйемелденетін титулдық ән «Stranger», «Together» – Әбілмансұр Құдайбергеннің авторлық шығармасы және ұлттар мен ұлыстар бірлігінің маңызды хабарын жеткізетін Димаштың «The story of one sky» авторлық әндері ұсынылды.


Әр елдегі жеке концерттерінде Димаш бағдарламаға қабылдаушы елдің тілінде шығармаларды енгізуге тырысады. Түрік жанкүйерлері үшін түріктің әйгілі «Gesi Baglar» әнін орындады. Жүргізушілер Димашқа түрік ұлттық аспабы Багламаны сыйға тартты. Димаш жылы қарсы алғаны үшін түрік жеріне алғысын білдіріп, қазақ пен түрік мәдениетінің ортақтығын атап өтті.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14