Денсаулық сақтау саласында да жемқорлық дендеп тұр

Денсаулық сақтау саласында да жемқорлық дендеп тұр Сурет: Kapital.kz

Оған дәлел - 2021 жылы денсаулық сақтау саласында 71 жемқорлық фактісі тіркелген.


Ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында министр Ажар Ғиният осындай дерек келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысы «СҚ-Фармация» базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырды. Осыған байланысты өңірлердің қажеттілігіне талдау жүргізіліп, нормативтік база мен ақпараттық жүйелер пысықталады. Бұдан әрі қаржыландыру көздерін айқындай отырып, 2025 жылға дейінгі басым бағыттар бойынша медициналық техникамен жарақтандыру бағдарламасы бекітіледі», - деді ведомство басшысы.



Оның сөзіне қарағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тексерулері медициналық жабдықтарды сатып алу ведомстводағы бюджет қаражатын жымқырудың негізгі көздерінің бірі екенін көрсеткен.



«Жалпы, 2021 жылы 71 қылмыстық құқық бұзу фактісі анықталды. Сондай-ақ, медициналық қоспаларды төлеуге бөлінген бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалғаны байқалады. Мониторингтік топтардың жұмысында заңсыздықтар анықталды. Вакциналаудың жалған электрондық паспорттарын беру фактілері тіркелгенін білесіздер. Ондай санаттағы заңсыздықтар, әсіресе, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Түркістан, Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарында жиі тіркелді. Салада сыбайлас жемқорлық көріністерімен ымырасыз күрес саясаты жалғасатынын айтқым келеді», - деді министр.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12