Бас мүфти биылғы пітір садақа мөлшерін жариялады

Бас мүфти биылғы пітір садақа мөлшерін жариялады Сурет: El.kz

Қасиетті Рамазан айының басталуына санаулы күндер қалды.


Бас мүфти ораза кезінде азық-түлік бағасын 10 пайызға дейін төмендетуге шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады», – деді бас мүфти.



2023 жылы Рамазан айы 23 наурызда басталады. Сәуір айының 17-сінен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – Ораза айт мерекесі.


Бас мүфти Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесі ескеріліп, ортақ шешім қабылданғанын хабарлады.



«Осы ретте кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін. Барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегімді жеткіземін», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14