Балағат сөз айтқан әйел айыппұл арқалады

Балағат сөз айтқан әйел айыппұл арқалады Сурет: Inbusiness.kz

Оқиға Астана-Алматы бағытындағы әуе рейсі кезінде орын алған. 


Дөрекілік танытып, балағат сөз сөйлеген жолаушыға 172 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 



«Рейске тіркеу кезінде жолаушы әйел жеке басын куәландыратын құжат көрсетпеген. Балағат сөздер айтқан. Көлік полицейлері тексеру кезінде елорданың 35 жастағы тұрғынын анықтады. Ол сондай-ақ полиция бөлмесіне жеткізу кезінде тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған», - деп жазылған хабарламада.



Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық), 667-бабының 1-бөлігі (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Сот шешімімен құқық бұзушыға 50 АЕК (172 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 


Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған 14 855 адамды жауапкершілікке тартты. Оның ішінде ұсақ бұзақылық 204 адам, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін 17 адам жазаланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14