Он бес жасар азғын

Он бес жасар азғын сурет: Аlmaty.tv

Бас прокуратура оқиғаны өз бақылауына алғанын хабарлады


Ташкенттегі балабақша Бас прокуратураның назарына іліккен. Меңгерушінің 15 жастағы ұлы 6 жастағы қыздарға тиісіп, шешінуге мәжбүрлегені белгілі болды, деп хабарлайды деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.


Портал мәліметінше, жоғары сынып оқушысы балабақшаға күн сайын келіп, дайындық тобындағы балалармен оңаша қалатын болған. Қорқытып-үркітіп, төрт қызды шешінуге мәжбүрлеген, біреуі шетелдіктің қызы болған. Жасөспірім қыздарға қолын жүгірткен, содан кейін біреуі айғалап жібергенде, ол қорқып кетіп қалады.


Балалар кешке барлығын ата-анасына айтып, олар құқық қорғау органдарына арыз жазып, оқиғаны журналистерге жеткізген. Қыздардың ата-анасы балалар жатқан бөлмеде камера орнатылмағанын, тергеу күні кіреберістегі камера кенет істемей қалғанын айтады.


Бас прокуратура оқиғаны өз бақылауына алғанын хабарлады. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.


Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру министрлігі №230 балабақша меңгерушісі «қызметіне жауапсыз қарап, балалардың өміріне қауіп төндіргені үшін» қызметінен босатылғанын хабарлады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37