АҚШ-та 12 жастағы жасөспірімдерге екпе салына бастады

АҚШ-та 12 жастағы жасөспірімдерге екпе салына бастады coronavirus.rbc.ua

АҚШ-тың Азық түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігі «Пфайзер-Биотек» компаниясының үшінші екпесін 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспрімдерге салуға рұқсат берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.



Бустерлі дозаны 5 пен 11 жас аралығындағы иммундық жүйесі әлсіз балдырғандарға да алуға болады. Жаңа ереже бойынша үшіншісін салдыруға, екінші екпеден кейін бұрынғыдай 6 ай емес 5 ай уақыт күту қажет. Мұндай нормативтік өзгерістер омикронның таралуына байланысты қабылданды дейді орталық мамандары.



Омикрон, әсіресе, балалардың арасында жылдам тарай бастаған. Сол себепті жаңа жылдық демалыстан кейін АҚШ-тағы мыңдаған мектеп қашықтан оқытуға көшті. Ал кәсіпорындар мен қызмет көрсету орындарына жұмысшы жетпей жатыр. Өйткені ауру-сырқау көбейді. Тіпті әуе компанияларында ұшқыштар жетіспей, рейстер кешіккен.


Кейінгі аптада ковиді жұқтырған америкалықтардың саны екі есе өскен.  Ал кешелі бері 420 мың адам дертке шалдыққан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32