«Ауыл — Ел бесігі» жобасына 3,5 мың ауыл таңдалды

«Ауыл — Ел бесігі» жобасына 3,5 мың ауыл таңдалды semeytv.kz

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6 293 ауылды елді мекен бар, оларда 7,8 млн тұрғын тұрады


Қазақстанның ауылдарындағы 6 293 елді мекенде 7,8 млн адам тұрады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында «Ауыл — Ел бесігі» жобасын талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі​ Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылдық аумақтарды дамыту мақсатында Ұлттық экономика министрлігі «Ауыл — Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне дейін жеткізу арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл мақсатқа қол жеткізу әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімдігін қамтамасыз ету, жалпы алғанда, өмір сүруге қолайлы жағдау жасау арқылы іске асырылады. Ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл таңдалды. Оларда ауыл тұрғындарының 89 пайызы тұрады. Осы 3,5 мың ауылдың 1171-і тірек ауылы және олардың айналысында 2368-і жақын спутник ауыл», - деді Ә. Қуантыров.



Ол осы ауылдарды дамыту «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында бірінші кезектегі мәселе ретінде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.



«2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 6 293 ауылды елді мекен бар, оларда 7,8 млн тұрғын тұрады. Бұл ретте 4,4 мың ауыл орталықтандырылған сумен қамтылған», - деді министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54