Асылы ОСМАН,  ҚХА мүшесі, қоғам қайраткері:  Жауапты кезең

Асылы ОСМАН,  ҚХА мүшесі, қоғам қайраткері:  Жауапты кезең Cурет: Almaty-akshamy.kz

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Осман Алматы қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып, елдің тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдауға атсалысты. Әрбір сайлаудағыдай бұл жолы да алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 



«Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды. Қабанбай бабамыз айтыпты: «Хан біреу, қалғандарымыз тіреу болсын» деп. Қарақтарым, осы сөздің құдіретіне ештеңе жетпейді. Сондықтан бүгін тайлы-тұяғымызбен өз таңдауымызды жасадық. Елдің алдында жүрген аға буын өкілдері өздерінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсететін шақ келді. Сайлаудан, келешектен жақсылықты күтемін», - деді Асылы Осман.



Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Ал қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс беруге құқығына ие. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар арнайы ашылған учаскелерге барып, таңдау жасай алады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12