Алматыда жасырынып жүрген қарағандылық ұсталды

Алматыда жасырынып жүрген қарағандылық ұсталды Сурет: Kerek-info.kz

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.


Қарағанды полициясы Алматыда жасырынып жүрген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


10 мамырда 58 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне хабарласып, алаяқтың арбауына түскенін жеткізді.


Жәбірленуші белгілі бір адамға тауарды сатып алу үшін 105 мың теңге аударған. Ақшаны алған адам хабарсыз кеткен.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция алаяқтың кім екенін анықтады, ол 24 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті полициядан жасырынып, осы уақытқа дейін бой тасалап жүрген. 11 тамызда жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қашқынды Алматы қаласынан ұстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14