Алматыда Реставрация және консервация орталығы ашылды

Алматыда Реставрация және консервация орталығы ашылды Сурет: Almaty.tv

Биыл бірнеше университетте реставратор мамандығы ашылмақ


Елімізде Реставрация және консервация орталығы ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Алматыдағы «Ғылым ордасында» құрылған орталық реставрация саласына қажетті ең заманауи 65 бірлік кәсіби құрал-жабдықпен қамтылған. Мұнда химиялық зертхана, түптеу, ғылыми-зерттеу, карантин және фото бөлімдері бар. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан Ғылым және жоғары білім министрі орталықтың мүмкіндігімен танысты. Министрлік былтыр осы орталықты құруға 500 млн теңге бөлген. Мақсат – жинақталған ескі деректер мен қолжазбаларды сақтау, зерттеу.



«Біздің көне түрік тілінен бастап, шағатай, қыпшақ тілінде дерек өте көп. Олардың көбі бүлінгеніне байланысты ғылыми айналымға енбей жатыр. Негізгі мақсатымыз – бәрін қалыпқа келтіріп, сандық форматқа көшіру», – деді «Ғылым ордасы» РМК бас директорының орынбасары Нұрлан Сейдін.



Орталықта ескі кітап пен газет-журналдар, архивтік құжаттар ретке келтіріледі. Заманауи жабдықтардың көмегімен мамандар шаң басып, тозған қағаздарға дезинфекция жұмысын жасап, материалдар мен сия ерекшеліктеріне қарай зерттеу жүргізе алады. Зертхана жұмысқа сақадай сай болғанымен шаруаны дөңгелететін білікті кадр тапшы. Еліміздегі бір де бір оқу орны реставратор мамандығын оқытпайды екен. Сондықтан қазір министрлік Ресейден реставратор мамандар алдырып, кадр оқытуды бастап кетіпті. Олқылықты түбегейлі шешу үшін биыл бірнеше университетте реставратор мамандығы ашылмақ.



«Қазіргі таңда бакалавриатқа толық оқытуға әдістемелік күшіміз жетпейді. Магистратура деңгейінде «мұражай ісі», «архивариус» сияқты мамандықтарды сәл оқытып, реставрацияға бағыттауға мүмкіндігіміз жетеді. «Болашақ» бағдарламасының аясында және 500 ғылыми-тағылымдаманың аясында осы жылдан бастап ғылыми-реставрациялық орталықтарға өз маманымызды жіберуді бастаймыз», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12