Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар жаппай вакцина салғызып жатыр

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар жаппай вакцина салғызып жатыр Сурет: Salon24.pl

Бүгінде екпе алған алматылықтардың саны 1 миллионға жуықтап қалды.


Коронавирус мүгедектігі бар адамдар үшін аса қауіпті. Сондықтан аурудың алдын алып екпе салғызу керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Ұлан Іңкәрбаев Алматыдағы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында алғашқылардың бірі болып екпе салғызған. Туғанынан церебралды сал ауруымен ауыратын, Бостандық ауданы мүгедектер қоғамының басшысы осылайша вакцинаның еш қаупі жоқ екенін көрсеткісі келеді.



«Екпені алу керек. Өйткені ол адамдар оны тегін алып жатыр, еш кезек жоқ, мүмкіндік бар. Енді неге алмасқа? Керісінше, ауруға тез шалдығатын адамдар бірінші кезекте алуы керек», - дейді қала тұрғыны Ұлан Іңкәрбаев.



Әлемде сағатына коронавирустан 236 адам, тәулігіне шамамен 6 мың адам көз жұмады екен. Вакцина қайғылы статистиканың бір бөлігі болудан сақтайды. Ал дәрігерлердің айтуынша, мүгедектік немесе созылмалы аурулардың болуы екпе салғызуға қатаң шектеу бола алмайды. Мамандар әр жағдайға жіті талдау жасап, толық тексергеннен кейін ғана егу пунктіне жібереді.



«Үзілді-кесілді екпе алуға болмайды деген нәрсе жоқ. Бүйрек аурулары, құрысу синдромы бар аурумен ауыратындарға, жақында ғана инсульт, инфаркт алғандарға әзірше екпе алмай қоя тұру керек. Алайда денсаулығы жақсарып,оңалту кезеңінен өткеннен кейін дәрігер қабылдауына барған жөн. Әбден тексергеннен кейін, еш алаңсыз екпе салғызуға болады», - дейді № 12 қалалық емхананың педиатр-дәрігері Светлана Постнова.



Бүгінде екпе алған алматылықтардың саны 1 миллионға жуықтап қалды. 930 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алса, 823 мыңнан астам адам екінші дозасын салғызған. Мегополисте 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12