Алматыда кәсіпорын жұмысшылары вакцина алуда

Алматыда кәсіпорын жұмысшылары вакцина алуда сурет: Inform.kz

Алматыда кәсіпорын жұмысшыларының 76 пайызы вакцинаның бірінші дозасын алған.


Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Алматыда кәсіпорын жұмысшыларының 76 пайызы екпенің 1-компонентін алғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап. 



«Қаламызда 123 жарым мың кәсіпорындар 775 мыңға жуық жұмыскерлерімен вакциналауға тиесілі. Соның ішінде медотводты алғандарды есептемегеннің өзінде, 695 мыңы вакцина алуы тиіс. Бүгінгі таңда 528 мыңға жуық адам вакцинаның бірінші дозасын алған», – деді қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.



Сонымен қатар, жыл басынан бері Алматының өңдеу өнеркәсібі саласы айтарлықтай дамыған. 7 ай ішінде 23,3 пайызға дейін өсім байқалыпты. Одан бөлек, қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі 29,9 пайызға, құрылыс материалдары 16,5  дайын металл бұйымдары 56 пайызға дейін өскен екен.



«Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы индустриалды аймақта Хюндай зауыты ашылған болатын. Сол жылы 6,5 мыңнан астам автокөлік шығарылды. Биыл да қаңтар-шілде айларында 12,3 мыңнан астам автокөлік шығарылған болатын. Нәтижесінде машина жасау саласында 4,8 есеге өсті», – деді қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14