Алматыда ер адам мұнараға шығып алып айқайлаған

Алматыда ер адам мұнараға шығып алып айқайлаған Сурет: видеодан алынды

Алматыда ер адам мұнараға шығып алған, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Оқырмандар редакцияға Гагарин мен Жандосов көшелерінің қиылысында темір қоршаумен қорғалған аумаққа ер адамның кіріп, мұнараға көтерілгенін хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, оның жағдайы нашарлап, айқайлаған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары бұл ер адамды бұрын аулада көргендерін айтты,-деп жазды Tengrinews.kz.






Ер адамды мұнарадан құтқарушылар мен полицейлер түсіріп алды.




Алматы полициясы оқиға туралы хабар 26 маусым күні сағат 20:56-да Бостандық ауданынан түскенін хабарлады.




«Тұрғындар белгісіз ер адамның мұнараға шыққанын хабарлады. Осыған сәйкес бірінші болып учаскелік инспектор мен патрульдік полицияның экипажы жауап берді. Ақпарат расталды, биіктікке көтерілген ер адам мас болған. Полицейлер оны төмен түсуге көндірді», - деді полиция қызметкері.



Ұсталған ер адам Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Ол 1989 жылы туған ер адам болып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12