Алматыда электр қуаты жоспарлы түрде өшіріледі

Алматыда электр қуаты жоспарлы түрде өшіріледі Сурет: Lada.kz

«Алатау ЖарықКомпаниясы» АҚ 7-11 тамыз аралығында Алматыда электр қуатын жоспарлы түрде өшіру кестесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Электр желілеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстарына сымдарды бөгде заттардан тазарту, ішінара ауыстыру кіреді», - делінген хабарламада.


Сондай-ақ бұл жұмыстар әдетте 1,5-2 сағаттан аспайтын мерзімде жүргізілетіні айтылады.


 


«Бұл жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі бір учаскенің тұтынушыларын басқа қуат көзіне ауыстыру мүмкін болмаса, ерекше жағдайларда ғана нысандар қысқа уақытқа токтан ажыратылады», – дейді «Алатау ЖарықКомпаниясы» АҚ.


 


Кестеге сәйкес, өшіру Төле би, Сәтбаев, Абай, Мұқанов, Құрманғазы, Байзақов көшелерінің бойындағы тұрғындарға, сондай-ақ Қарағайлы, Ақжар, Қалқаман-2, Алғабас, Жас-Қанат және т.б. ықшамаудандардың тұрғындарына әсер етеді.


 


Толық үзіліс кестесін мына жерден қараңыз. https://www.azhk.kz/ru/spetsialnye-razdely/graphics/101-grafik-otklyuchenij/2020-god/4008-gorod-almaty-s-07-08-2023-goda-po-11-08-2023-goda


 


2023 жылдың 20 шілдесінде Алматының үш ауданында бір сағат бойы электр жарығы үзілгені хабарланды.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12