Алматыда 57 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Алматыда 57 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты Сурет: 24.kz

Биыл 8 жәрмеңке ұйымдастырылды.


Алматыда жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында 57 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, оның 40 мыңнан астамы - тұрақты, ал қалғандары - уақытша. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Спикер қала тұрғындары мен қонақтары жұмыс табу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгіне алатынын атап өтті.



«Сондай-ақ біз тоқсан сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткіземіз. Биыл 8 жәрмеңке ұйымдастырылды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бөлек өткізілді. Толығырақ айтар болсақ, тұрақты жұмыс орындары негізінен құрылыс, білім беру, көтерме және бөлшек сауда салаларында болса, уақытша жұмыс орындары – қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі. Яғни, бізде сан алуан бағыт бар. Жұмыссыздарға барынша көмек көрсетуге дайынбыз. Барлық сұрақтар бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады», - деді Нәзира Тоғызбаева.



Айтуынша, жыл басынан бері мегаполисте 57 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Оның 40 мыңнан астамы тұрақты жұмыс тапса, қалғандары - уақытша.


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалада жұмыспен қамту және орналастыру 94 пайыз екенін атап өтті.



«Десек те, қалада жастар арасында әлі де жұмыссыздық бар. Бұл мәселе ерекше бақылауда», - деді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12