Алматыда 34 курсант алғаш рет дауыс берді

Алматыда 34 курсант алғаш рет дауыс берді Cурет: Qazaqstan.tv

Алматыдағы радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары да өз таңдауын жасады.


№143 жабық сайлау учаскесінде 500-ге жуық адам дауыс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әскери оқу орнының қабырғасында 34 курсант алғаш рет өз таңдауын жасап, сайлауда дауыс берді. Олардың барлығы дерлік жақында 18-ге толғандар. Бұл институт - Орта Азия бойынша офицер-инженерлерді дайындайтын жалғыз оқу орны.


 «Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқығымды пайдалана отырып, алғаш рет ел Президентін сайлауға қатысып отырмын. Өз дауысымды бере отырып, елімнің өркендеуі мен болашағының жарқын болуына үлесімді қостым деп ойлаймын. Бүгінгі саяси маңызы зор шараға қатысу арқылы біз, курсанттар өз таңдауымызды жасап жатырмыз. Және айтарым, сайлауға қатысу арқылы Президентті ғана таңдап қоймаймыз, бұл - біздің кемелді келешекке жасаған нақты қадамымыз. Сондықтан болашақ офицер ретінде маңызды саяси шараға қатыстым және өз таңдауымды жасадым», - деді 1 курс курсанты Сұлтан Серікұлы.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14