Алматыда 100-ден астам шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған

Алматыда 100-ден астам шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған Сурет: Polisia.kz

“Заңсыз келуші” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.


Ол  қала аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


2023 жылғы 19 маусым мен 25 маусым аралығында жүргізіліп жатыр.



«Іс-шараның бірінші күні көші-қон заңнамасын бұзушы 141 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде шетел азаматының саны – 109. Сот шешімімен 13 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін қабылдаушы 29 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 3 жұмыс берушіге айыппұл салынды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 70 шетелдік орналастырылды», –  деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.



Сонымен қатар баяндамашының айтуынша, іс-шара барысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырудың бір дерегі анықталды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37