Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі

Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі Сурет: Vesveter.ru

Қалам тербеушілерге серпін болмақ


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты әдеби байқау жариялайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Байқаудың шарттарымен төменде таныса аласыздар.



  • БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ


Алматы қаласы әкімдігі


Қазақстан Жазушылар одағы


 



  • БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

  • Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай тәуелсіздігімізді дәріптеу, абыройын асқақтату, тарихқа үңілу, тағзым ету;

  • Тәуелсіздігіміздің куәгері, ел тарихының бастауы және алтын қазығы болған Алматының бүгінгі болмысын көрсету үшін аға буын қаламгерлерді де, жастарды да осы байқауға тарту.

  • қазақ әдебиетінің қазіргі әлеуетін байқатып, жастардың шығармашылығын таныту;

  • БАЙҚАУДЫҢ ӨТЕТІН УАҚЫТЫ

  • Байқауға өтініштерді қабылдау жарияланған күннен 2021 жылдың 26 қарашасына дейін жүргізіледі.

  • Қабылданған жұмыстардың ішінен сарапшылар шешімімен іріктелгендері келесі кезеңге өтеді.


 



  • БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

  • Ел руханияты мен қазақ әдебиетіне өз үлесін қосып жүрген барлық қаламгерлер қатыса алады. (Жасқа шектеу қойылмайды).


 



  • БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ


 



  • Байқауға қатысушылар «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты ортақ тақырыпта әдеби жанрларға байланысты төмендегідей аталым бойынша бақ сынайды:



  1. Поэзия;

  2. Проза;

  3. Балалар әдебиеті (поэзия немесе проза);

  4. Драматургия.


 


 



  • ПОЭЗИЯ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША


Үміткерлер байқауға екі өлеңімен қатысады:



  • Тақырыпқа байланысты бір өлең;

  • Еркін тақырыптағы өлең.

  • Қатысушыға қойылатын талаптар:

    • Байқауға қатысушы берілген тақырып бойынша өзінің бір арнау өлеңімен және еркін тақырыптағы бір өлеңімен қатысады;

    • Өлеңнің көлемі 3 беттен аспау керек (А 4 форматында);

    • Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады;

    • Өлең Microsoft Word түрінде ( Times New Roman 14) жазылып [email protected] эл.поштасына жіберілуі керек;




 



  • ПРОЗА АТАЛЫМЫ БОЙЫНША


 


Қатысушылар берілген тақырып бойынша прозалық шығарма жазады.


Жұмыстың көлемі 10 беттен аспауы керек;



  • Қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Әдеби жанрға тән қалыптарды сақтап, көркем мәтінде тақырыпты ашу;

  • Байқауға қатысушылар еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен отыз жыл ішіндегі өмірін суреттеген прозалық әңгімелерін жолдай алады. Сондай-ақ, Қазақстан тарихын арқау еткен әңгімелер де қабылданады;

  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) жазылып [email protected] эл.поштасына жіберілуі керек;


 



  • БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША


 


Қатысушылар берілген тақырып бойынша проза немесе поэзия аталымдары бойынша балаларға арналған шығармаларын ұсынады.


 



  • Қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Әдеби жанрға сай ерекшеліктерді сақтай отырып, көркем мәтінде тақырыпты ашу;

  • Жазылған жұмыстың көлемі 5 беттен аспауы керек (А 4 форматында);

  • Шығарманың желісі тәуелсіздікпен байланысты болуы шарт;

  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) [email protected] эл.поштасына жіберілуі керек.


 



  • ДРАМА АТАЛЫМЫ БОЙЫНША


 


Үміткер берілген тақырып бойынша драмалық шығармасын ұсынады.



  • Қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Қатысушылар аталған тақырыптық идеяның негізінде өз шығармаларын ұсынады;

  • Драмалық шығарма І актылы немесе ІІ актылы бола береді;

  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) [email protected] эл. поштаға жіберілуі керек.


 


Жоғарыда аталған аталымдар бойынша жіберілген жұмыстарды арнайы тағайындалған сарапшылар тексеруден өткізіп, үздік деп танылған жұмыстар қорытынды жиында марапатталады.


Әр жанрды сараптаушылар 3 адамнан. Жалпы саны 15 адам. (Жабық түрде)


 



  • БАЙҚАУДЫҢ МАРАПАТТАУ КЕЗЕҢІ

  • Байқауға қатысушыларды марапаттау кеші Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.

  • Марапаттау кешіне елімізге белгілі әдебиет өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысады;

  • Әр номинация бойынша бір ғана жеңімпаз анықталады;

  • Әр аталым бойынша тағайындалған қазылардың шешімімен анықталған үздік жұмыстар республика көлемінде дәріптеледі. (БАҚ-да, Теле бағдарламаларда)


 



  • БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

  • Байқауға қатысушылар жазылған жұмысымен бірге төменде көрсетілген (қосымша 1) үлгі бойынша өтініштерін толтырып, өзінің аталымы бойынша электронды мекенжайға жібереді.


 


Қосымша 1


Өтініш беру үлгісі






























Қатысушының аты-жөні



 



Қатысушының аталымы, шығармасының атауы



 



Туған жылы, айы, күні



 



Мекенжайы, (облыс, қала, аудан, ауыл)



 



Электронды мекенжайы



 



Байланыс номері



 



 


Ескерту! Өтініштің қате толтырылғандығы үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14