Алматы облысында бір отбасы түтінге уланып қалды

Алматы облысында бір отбасы түтінге уланып қалды Сурет: 24.kz

Үйдің мұржасы бітеліп қалған.


4 қаңтарда Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында көп қабатты тұрғын үйде 4 адам пештен шыққан түтінге уланып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Төтеншеліктердің мәліметінше, мұржа бітеліп қалғандықтан, түтін шығып, әйел адам мен үш бала сол түтінге уланған.



«1997 жылы туған әйел мен 2019, 2020 және 2022 жылы туған үш бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайлары орташа ауырлықта», - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



Төтеншеліктер уланудың және адам өлімінің алдын алу мақсатында тұрғындарға үйдің, пәтердің өртке қарсы жай-күйін тексеруге, пеш және электр сымдары мен электр аспаптарының жарамдылығына ерекше назар аударуға шақырды. Егер қандай да бір кемшіліктер табылса, оларды дереу жою керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10