Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті түрде реттеу жұмыстары жүргізуде

Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті түрде реттеу жұмыстары жүргізуде www.globalgiving.org

Бүгінгі таңда аулау бойынша жұмыс бейнежазудың техникалық құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі, БКДҚ 109, ветеринариялық қызметтің диспетчерлік қызметі және Open Almaty қоғамдық қабылдауы арқылы тапсырыс қабылдау жүйесі жұмыс істейді. Халықпен, зооқорғау ұйымдарымен адопция (күшіктер мен мысықтарға басымдық беріледі) мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Ауланған жануарлар жөніндегі ақпарат күн сайын ветеринариялық қызметтің интернет-ресурсына орналастырылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


2022 жылғы 2 наурыздан бастап, Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңының күшіне енуіне байланысты, ауланған қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды, аса қауіпті инфекциялық ауруы және агрессиялық белгілері бар жануарларды қоспағанда, өлтіруге тыйым салынады.


Қазіргі уақытта уақытша ұстау пунктіне (бұдан әрі – УҰП) түскен кезде, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарлар етқоректілердің оба және микроспория ауруларының бары-жоғына тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда, жануар аталған заңға сәйкес, дәрілік жолмен ұйықтатуға жатады.


Сондай-ақ, жуық арада тиісті кәсіби мамандармен – кинологтармен жануардың, жекелей алғанда, иттердің агрессиясын анықтау рәсімін өткізуді ұйымдастыру жоспарланып отыр. Күн сайын (демалыс және мейрам күндерін айтпағанда), білім беру мекемелерінің (балабақшалар, мектептер және т.с.с.) тапсырыстары, сондай-ақ азаматтардың қаңғыбас жануардың агрессиясына немесе қауып алу қаупіне деген жедел жүгінулері бойынша аулау жүргізіледі.



Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңынан туындайтын сәйкес кіші заңдар, оның ішінде, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың, және өлтірудің тұрпатты қағидалары ағымдағы жылғы 1 сәуірде қабылдануы тиіс болатын. Алайда, күні бүгінге дейін аталған Қағидалар бекітілмеді. Алдын ала берілген ақпарат бойынша оны 2022 жылғы мамыр айында бекіту жоспарланып отыр.



Жоғарыда аталған Қағидалардың жобасына сәйкес, жануарды уақытша ұстау пунктінде ұстау 5 күнмен шектелетін болады. Бұдан әрі, жануар вакцинация, зарарсыздандыру рәсімдерінен өтуі және ауланған орындарына шығарылуы тиіс.


Аталған құжат қабылданғаннан кейін жануарды үшінші тұлғаға беру (адопция) бойынша жұмысты күшейту, халықтың арасында жануарға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жіберілген қараусыз қалған және қаңғыбас  жануарларды қадағалау бойынша зооеріктілермен белсенді жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.


Қаланың эпизоотиялық жағдайына әсер ететін маңызды жайттар қаңғыбас және қараусыз қалған жануарлардың болуы, үй жануарларына жауапкершілікпен қарау мәдениетінің болмауы болып табылады.


Қараусыз қалған жануарлар – бұл қазіргі уақытта қалалықтарды толғандыратын аса өткір мәселелердің бірі. Бұған құзырлы органдарға және зооқорғау ұйымдарына азаматтардың қаладағы жануарлармен қатар, оларды аулаудың адамгершілікке жатпайтын әдістеріне деген шағымдары мен өтініштерінің көптеп түсуі дәлел.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12