Алматы қаласынан шығысқа қарай 145 км жерде жер сілкінді

Алматы қаласынан шығысқа қарай 145 км жерде жер сілкінді Сурет: 24.kz

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысы Кеген ауданының аумағында.


ҚР ТЖМ «СОМЭ» сейсмикалық станциялар желісі 2022 жылғы 15 қыркүйек күні Алматы уақытымен сағат 10:25-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 145 км жерде Алматы облысы Кеген ауданының аумағында (Жалаңаш ауылынан 40 км қашықтықта) орналасқан.


Жер сілкінісінің энергетикалық класы 7.2.


MPV магнитудасы 3.4.


Эпицентрдің координаттары 43.24° с.е. 78.63° ш.б.


Тереңдігі 10 км.


Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ


Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ.


Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:


- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);


- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;


- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.


- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;


- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;


- жеделсатыны пайдаланбаңыз;


- сіріңке, шам жағуға болмайды;


- сымдарға қол тигізбеңіз;


- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53