Африкада екпе салдырғандар үлесі - сегіз пайыз ғана

Африкада екпе салдырғандар үлесі -  сегіз пайыз ғана Сурет: News.un.org

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағуда


Себебі Африка елдері коронавирусқа қарсы вакциналау жоспарын іске асырып үлгермеуі мүмкін. Негізгі жоспар бойынша 2024 жылдың екінші жартысына дейін құрлық халқының 70 проценті екпе салдыру керек. Алайда препарат барлығына бірдей қолжетімді емес. Соның салдарынан қазір Африкада вакцинаның екі дозасын да қабылдағандардың үлесі 8 процентке де жетпейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Ол аздай, мұнда "омикрон" тез тарап барады. Жаңа штамды жұқтырудың алғашқы деректері осы құрлықта тіркелген. Қазір Оңтүстік Африка Республикасында "омикрон" басым штамға айналған.



«Вакциналау қарқынын арттыру арқылы біз мыңдаған адамның өмірін сақтап қала аламыз. Қазір "омикрон" тез тарап жатыр. Ал Африка халқының көбі екпе салдырмаған. Құрлықтағы екі ел – Маврикий мен Сейшел аралдарында ғана халықты вакциналау деңгейі жоғары. Оларда көрсеткіш 70 проценттен асып кетті. Алайда басқаларындағы жағдай күрделі. Африкадағы 10 мемлекетте вакцина қабылдаған халықтың үлесі 2 пайызға да жетпейді», - дейді ДДСҰ өкілі Фиона Атухебве.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12