Әуезов ауданында апатты жағдайдағы инженерлік желілерді жаңғырту мәселесі бақылауда

Әуезов ауданында апатты жағдайдағы инженерлік желілерді жаңғырту мәселесі бақылауда Сурет: Kaztag.kz

Сумен жабдықтау және канализация желісін салу


Биылғы жылдың басынан бері 4 жерде 185-тен астам апат болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сондықтан әкімдік осы учаскелердегі  инженерлік желілерді жаңғырту мәселесін ерекше бақылауға алды.Бұл – "Достық", "Мамыр-4" шағынаудандары және Саин-Шаляпин-Жандосов-Қарғалы өзені көшелері, сондай-ақ Арычная, Ықылас, Западная көшелерінің учаскесі.


Бұл жайында қала әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде айтылды.



«Менің тапсырмам бойынша биылғы жылдың сәуір айынан бастап осы шағынаудандар мен учаскелерде жалпы ұзындығы 75,8 км сумен қамту және су бұру желілерін (сумен қамту – 29 км, су бұру – 46,8 км) салу және жаңарту жобалануда.


2023 жылдың қаңтар айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтап, мемлекеттік сараптамаға жіберу жоспарланған», - деді қала әкімі Ерболат Досаев. 



Сараптамадан шыққаннан кейін және жаңа құрылыс маусымы басталған кезде, 2023 жылдың II тоқсанында, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.


Осы жобаларды іске асыру 2024 жылдың IV тоқсанына қарай барлық 4 учаске бойынша 11 мыңнан астам абонентті сапалы сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02