Әлемде әр екі апта сайын бір тіл жойылып отырады

Әлемде әр екі апта сайын бір тіл жойылып отырады Сурет: Historyrussia.org

21 ақпан - халықаралық ана тілі күні.


Тіл - біздің мұрамызды сақтау мен дамытудың ең күшті құралы.


1999 жылы 17 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы жариялаған Халықаралық ана тілі күні (International Mother Language Day) 2000 жылдан бастап жыл сайын 21 ақпанда тілдік және мәдени әртүрлілік пен көптілділікке ықпал ету мақсатында атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өз кезегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы өз қарарында 2008 жылды Халықаралық тілдер жылы (International Year of Languages) деп жариялады. 2010 жыл мәдениеттердің жақындасуы үшін халықаралық жыл болып жарияланды (International Year for the Rapprochement of Cultures).



21 ақпанның ана тілі күні деп белгіленуі тегін емес.  1952 жылы 21 ақпанда Даккада (Қазіргі Бангладештің астанасы) өздерінің бенгали тілін қорғау үшін демонстрацияға шыққан студенттер полиция оғынан қаза болды. Жастар бенгали тілін елдің мемлекеттік тілдерінің бірі деп тануды талап еткен болатын. Осылайша, туған тілдерін қорғап шыққан студенттердің ерлігінің құрметіне осы күн таңдалған.



Тілдер - біздің материалдық және рухани мұрамызды сақтау мен дамытудың ең күшті құралы. БҰҰ мәліметтері бойынша әлемде 7 мыңға жуық тіл бар, олардың 45%-ының жойылып кету қаупі бар, яғни жақын арада сондай тілдерде сөйлейтіндердің соңғы тұяқтары да жоқ болса, тілдің өзі де соның күйін кешеді деген сөз.  Екі апта сайын әлемде бір тіл жойылып отырады, яғни бұл сол тілмен бірге тұтас бір мәдени және зияткерлік мұраның да келмеске кеткенін білдіреді. Білім беру жүйелерінде және мемлекеттік салада бірнеше жүз тіл ғана маңызды рөл атқарады, ал цифрлық әлемде қолданылатын тілдер саны жүзге де жетпейді.


Ана тілдерінің таралуына ықпал етудің барлық қадамдары тілдік әртүрлілікке және көп тілді білімге жәрдемдесуге, бүкіл әлем бойынша тілдік және мәдени дәстүрлермен толық танысуды дамытуға ғана емес, сонымен бірге өзара түсіністікке, төзімділікке және диалогқа негізделген ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді.


Жыл сайын әр түрлі елдерде ана тілі күнін мерекелеу аясында белгілі бір тақырыпқа арналған және сыйластықты насихаттауға, сондай-ақ барлық тілдерді (әсіресе жойылып кету қаупі төнген тілдерді), лингвистикалық әртүрлілікті және көптілділікті насихаттауға және қорғауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтеді. Сонымен, әр жылдары бұл күнді атап өту келесідей тақырыптарға негізделді: Ана тілі мен көптілділік арасындағы байланыс, әсіресе білім беруде; Брайль жүйесі және ымдау тілі; өзара түсіністік, толеранттылық және диалогқа негізделген тілдік және мәдени дәстүрлер мәселелерінде жұртшылықтың хабардарлығын арттыру; адамзаттың материалдық емес мұрасын қорғау және мәдени әртүрлілікті сақтау; мектептерде оқытылатын тілдің рөлі; ұрпақтар мен басқалар арасындағы білім беру мен білім берудің негізі ретінде көптілді білім беру. 


Біздің елде ана тілінің қолданыс аясын қандай екенінеде тоқтала кетуді жөн санадық. 


Ресми мәлімет бойынша Қазақстан халқының 80 пайыздан астамы мемлекеттік тілді меңгерген. Айта кетейік, Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының санағы қорытындысы бойынша елімізде мемлекеттік тілді меңгерген 5 жастан асқан 13,7 млн адам бар, яғни ол жалпы халық санының 81 пайызына тең. Олардың 8,5  млн-ы қазақ тілін күнделікті өмірде еркін қолданады. Ал 1 млн адам мемлекеттік тілді үйреніп жүрсе, тағы 1 млн-ы үйренуді жоспарлап жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12