Адал еңбектің наны тәтті

Адал еңбектің наны тәтті journalist73.blogspot.com

Тик-Токта тау етегіндегі қара жолдың бойында жуа сатып отырған бозбаланың видеосы миллиондаған қаралым жинап, көптің ыстық ықыласына бөленді. Видеоны парақшаларында жүздеген адам бөлісті.


Тау жуасын сатып отырған Айарыс есімді қазақ баласының жанына таяп барған жігіт:


– Не істеп отырсың? – деп сұрады.


– Сауда жасап, – деп жауап берді Айарыс.


– Бұл не?


– Жуа ғой. Сарымсақ.


– Бұны қайдан алдың?


– Анау таудың басынан теріп келдім.


– Өзің тердің бе?


– Иә.


– Сабағыңа кедергі келтірмей ме?


– Жоқ. Түстен кейін шығамын.


– Өзіңе ұнай ма, бұл жұмысың?


– Иә. Табиғатта. Әсем жерде. Таза ауада.


– Айарыс, менің суретке түсіретін әдетім бар еді. Кел, кішігірім фотосессия жасап берейін саған.


– Мейлі, – деді 10-сынып оқушысы Айарыс деген бойшаң, көрікті бозбала.



Видеоның астына жазылып жатқан пікірлерде шек жоқ десек те болады. «Адал еңбек адамды сүйкімді етеді. Еңбегі жансын!», «Адал еңбегінің рахатын көрсін. Басқа жасөспірімдерге үлгі болсын», «Ол жуаны сен термесең, бекер өсіп, шіріп кетеді. Пайдаға асырып жүргенің үшін өте қуаныштымын» деген жазбалар бар. Енді бірі «Бұл – «Қызыл кітапқа енген» жуалар. Байқа, абайла!» деп алаңдаушылық білдіріп жатса, енді бір топ «Бұл көпжылдық өсімдік қой, қайта өсіп шығады. Бастысы – адал еңбек етіп жүр», «Бүгінгідей заманда бұзылып кетпей, адал жолмен ақша тауып жүргенің үшін ризамын. Керемет, таза еңбек!», «Бос, ерігіп, ата-анасына масыл болғаннан еңбекпен нан табуды білгенің қандай жақсы», «Жаным, алтыным, түбі үлкен адам болады!», «Үйде жатып сотка шұқыламай, еңбектеніп жүргенін айтсаңшы. Аман жүр, айналайын!» деген лебіздерімен арашалап алып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12