9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы Сурет: Сulture.ru

Синоптиктер бүгінгі күн райын болжады


Қазгидромет 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды шығысында нөсер жаңбыр жауады. Тек батыс өңірде ауқымды антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.


Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында тұман, шығысында және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда – бұршақ жаууы ықтимал.


Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі ықтимал. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі, түнде шығысында, күндіз солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.


Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды, түнде және таңертең шығысында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.


Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі, желдың жылдамдығы 15-20 м/с болады. Күндіз Жамбыл облысының шығысында, оңтүстік-шығысында және тау бөктері аудандарында найзағай ойнап, бұршақ күтіледі, найзағай жарқылдаған кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Күндіз Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының орталығында, түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.


Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде, солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.


Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Қарағанды, Ақмола облыстарының батысында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12