Еліміздің он өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің он өңірінде ескерту жарияланды

Астанада түнде және таңертең тұман болады.


«Қазгидромет» РМК 2 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.


Ақтөбе облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады.


Қостанай облысының оңтүстігі мен солтүстігінде тұман болады. Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.


Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман, көктайғақ болжанады.


Ақмола облысында кей уақыттары тұман байқалады. Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде тұман болады.


Қарағанды облысының оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Өңірдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.


Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 2-3 наурызда өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертең тұман болжанады. 


2-4 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с артады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14