1 қазандағы жағдай бойынша, 13 362 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1 қазандағы жағдай бойынша, 13 362 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды Сурет: Elorda.info

1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 101,2 мың этникалық қазақ оралды.


Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (68,7%) Өзбекстаннан, 10% – ҚХР-дан, 7,9% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,8% - басқа елдерден, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Маңғыстау (16,7%), Түркістан (9%) және Жамбыл (6,5%) облыстарында, сондай-ақ, Астана (7,8%), Шымкент (7,3%) және Алматы (5,8%) қалаларына қоныстанған.


Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 27,5%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.


Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 13,2%-ы жоғары білімді, 38,9%-ы арнайы орта білімді, 46%-ы жалпы орта білімді және 1,8%-ының білімі жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54