Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шенеуніктер мен әншілер қатысқан той” – Болат Назарбаевтың қызы туған күнін дүркіретіп атап өтті (ФОТО)

13:44, 25 шілде 2025 2950

Бұрынғы судья, Болат Назарбаевтың қызы Гүлмира Әбішева 23 шілде күні 50 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті, деп жазады Alash.kz.
Туған күнге ел ішінде танымал шенеуніктер мен өнер адамдары шақырылған.

“Письма президенту” Telegram-арнасының хабарлауынша, салтанатты кешке әнші Шамхан Далдаев, Алатау ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Асет Көпешбаев, оның әріптесі Самат Берістемов, Алматыдан келген судья Саида Болат, сондай-ақ Жамбыл ауданы әкімінің орынбасарының жұбайы және өзге де мәртебелі меймандар қатысқан. 

Айта кетейік,Гүлмира Әбішева – мемлекетке 26 миллиард теңге берешегі бар “GB Invest” ЖШС-нің құрылтайшысы.


видеодан скриншот

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар