Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мәйіті өз үйінен табылды”. Аңыз актер қайтыс болды (ФОТО)

10:30, 25 шілде 2025 778

Әлемге әйгілі американдық рестлер, актер және поп-мәдениет символы Халк Хоган 71 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Alash.kz.

TMZ порталы таратқан ақпаратқа сәйкес, өлім себебі - жүректің тоқтауы. Қайғылы оқиға Флорида штатындағы өз үйінде болған.Хоганның менеджері бұл ақпаратты растады. Деректерге қарағанда, жедел жәрдем қызметі шақырылғанымен, актерді аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол ауруханаға жеткізілген соң көз жұмған.

Шын аты-жөні - Терри Джин Боллеа. Ол 1977 жылы кәсіби рестлинг әлеміне қадам басып, 1980-жылдары WWE ұйымының басты жұлдызына айналды. Шартарапқа танымал тұлға кәсіби мансабында 12 мәрте әлем чемпионы атанған.

2005 жылы WWE-дің даңқ залында (Hall of Fame) мәңгілікке есімі жазылды. Оған қоса, Хоган 1982 жылы жарық көрген “Rocky III” фильміндегі Thunderlips рөлі арқылы актер ретінде де кең танылды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар