Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жүздеген миллион теңгені жымқырды": мәслихат депутаты талай адамды сан соқтырып кеткен (ВИДЕО)

09:16, 06 тамыз 2025 486

Жетісу облысында мәслихат депутаты бірнеше адамды миллиондаған теңгеге алдап, олардың мүліктерін заңсыз түрде иемденіп алған, деп жазады Alash.kz.

Зардап шеккендердің айтуынша, AMANAT партиясынан Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Жарылқасын Болатұлы оларды жүздеген миллион теңгеге "лақтырып кеткен". Дереккөздің мәліметінше, Алайда құқық қорғау органдары ешқандай шара қабылдап жатқан жоқ, өйткені бүтін бір депутатқа қатысты қылмыстық істі тергеу "ұят".

"Бұл коммерциялық мекемені сатып алдым. Банк жүзінде ақшасын құйдым. Қолымда тұпнұсқадағы құжаттар бар. Бірақ әлі күнге дейін менің атыма бұл мекеме аударылған жоқ. Қазіргі таңда басқа бір адамдар бұл мекемені иемденіп алған, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ақшасының бәрін алып алды. Мекемені алып алған – Жетісу облысы мәслихат депутаты Жарылқасын Болатұлы деген кісі. Бұған дейін де бірнеше адам алданған. Бірақ ол кісілер бұл адамның депутат екенін білгендіктен, еш нәтиже шықпайтынын түсінгендіктен, арыз жазбай отыр", – дейді жәбірленуші.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар