"Қазіргі уақытта денсаулығыма және бес оқ жарақатынан кейінгі оңалту кезеңінен өтіп жатқаныма байланысты сот отырыстарына жеке қатысуыма мүмкіндік жоқ. Алайда, сот процесін және оған қатысты ақпараттық кеңістіктегі ахуалды мұқият бақылап отырмын.Сотта жауапкер Жиенбай тарапынан айтылып жатқан мәлімдемелерге үнсіз қалу мүмкін емес. Бұл тек қана шантаж және қысым көрсету әрекеті. Соңғы рет мен оны сол күні, дәл өзі аңшы мылтығынан атып кеткен кеште көрдім. Одан кейін бізде ешқандай байланыс болған жоқ. Кейінірек ол өкілдерімен бірге менің қорғаушыларыммен байланыс орнатуға тырысып, "достасуды" ұсынды. Кешірім берілсе, шу көтермейміз деді, ал бас тартқан жағдайда "ақпараттық жарылыс" жасаймыз деп сес көрсетті. Тіпті, айыпталушының әкесі өзін-өзі өртейді деген мәлімдеме жасалатынын айтты. Мұны мен тікелей қысым деп бағалаймын.
Мен қандай да бір қысым мен арандатуға жол бермедім.Бастапқы ұстанымым өзгерген жоқ. Қақтығыстың түп-төркіні – кәсіби, қызметтік сипатта. Жауапкер келісім аясындағы жұмысын адал атқарғысы келмеді, есеп беруден жалтарды. Мен тек ашықтық пен міндеттемелердің орындалуын талап еттім.
Ал қоғам назарын "қызғаныш", "жеке қатынас", "жұбайы" секілді жалған себептерге бұру – манипуляция, шындықтан алыстату. Мен оның жұбайын да, отбасын да танымаймын. Ол мен үшін тек мердігер болатын.
Бұдан да сорақысы – бүгінде бұл жалған мәлімдемелерге қала әкіміне қатысты тұстарды да қосып жатыр. Бұл тағы да істің ақиқатқа емес, қысым көрсету мен беделге нұқсан келтіруге бағытталған өрескел манипуляция екенін дәлелдейді. Мен мұндай мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарамын және оларды мойындамаймын.
Менің ұстанымым – өзгермейді. Депутаттық өкілет мерзімі аяқталған соң да, мемлекетке адал қызмет ету жолынан тайған жоқпын. Соңғы үш жылымды осы жолға арнадым. Қала әкімінің шақыруымен әкімдікке келіп, ашық, адал жұмыс істеуге, халыққа шынайы көмек көрсетуге күш салдым.
Мен сайлауға барып, елімді жақсартқым келді. Менің артымда елімізге, өзгерістерге сенетін жастар тұр. Бұл – үлкен жауапкершілік, мен оны сезінемін. Әкімдіктегі жұмысым да осы сенімді ақтауға бағытталған. Маған қарсы айтылған жала, жапқан жалған айыптар мені жолымнан тайдырмайды. Әлі де әділетті, ашық сотқа сенемін. Бүгінде денемде аңшы мылтығының 60-тан көп қорғасын оқтары әлі де бар. Бұл құжатпен расталған факт. Соттағы жоқтығымды, үнсіздігімді өздеріне тиімді жағына бұрып, қоғамдық пікірмен ойнағысы келетіндер бар. Бірақ үнсіздік келісім деген сөз емес. Мен әділетті сотты күтіп отырмын", – деп жазды Руслан Берденов.
“Арандатуға жол бермеймін”: Берденов шұғыл мәлімдеме жасап, ел естімеген шындықты айтты

Желіде грантқа түскен қазақстандық талапкерлердің қуанышты сәттері пайда болды (ВИДЕО)
20:21, 07 тамыз 2025 160
"Айыппұл төлейтіндей жағдайым жоқ" - күйеуі Қытайға кетіп жоғалған әйелге қатысты сот өтті
20:00, 07 тамыз 2025 389
Автобус апатында аяғынан айрылған қыз - жүргізуші рақымшылыққа ілініп кетті
19:27, 07 тамыз 2025 269
"40 минут бойы тістеген" - Ақтауда жекеменшік балабақшада сұмдық жағдай болған
18:17, 07 тамыз 2025 1108
“Сен менсіз ешкім емессің деп қол көтерсе…” - Мөлдір Мұқан бар шындықты айтты (ВИДЕО)
15:23, 07 тамыз 2025 2304
“Қазақ тілін меңгерген”. Түменде қазақтың дәстүрімен ұзатылған орыс қызы көпті тәнті етті (Видео)
14:45, 07 тамыз 2025 473
“Соғыс аяқталуы керек”. Трамп Путинмен кездесуге дайын екенін айтып, шұғыл мәлімдеме жасады
14:20, 07 тамыз 2025 263
“Екінші отбасын құрамын десе қарсы емеспін”: Актриса күйеуі туралы айтып, жылап қалды (ВИДЕО)
13:31, 07 тамыз 2025 1007
"Әрқайсысы 11 мың теңге алимент төлейді" - Қараусыз қалған қарт балалары мен немерелерін сотқа берді
13:09, 07 тамыз 2025 513
Головкиннің бапкері - Құлыбаевқа қастандық жасамақ болды деп сотталған спортшы туралы ақпарат шықты
11:59, 07 тамыз 2025 548
"Кабинетінде талай кәмпит берген": Амантай қажы өзін сотқа берген әйел туралы мәлімдеме жасады
10:37, 07 тамыз 2025 1446
"Қосшыда кішкентай бала көпқабатты үйдің терезесінен...". Ата-анасы жауапқа тартылады
10:00, 07 тамыз 2025 327
Каспий теңізінен адам құтқарып, өзі көз жұмған азаматтың еңбегі ескерусіз қала ма?
09:45, 07 тамыз 2025 246
АҚШ Ресейге уақыт берді: Трамптың арнайы өкілі Путинмен кездесті. Олар не талқылады?
21:12, 06 тамыз 2025 828
"Әйелінен жауап алынды": Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол апатына байланысты тергеліп жатыр
20:37, 06 тамыз 2025 2746
"Балаларым үшін сынбаймын, бәрін ұмытамын": Мереке Қалбаева ел естімеген шындықты айтты
19:09, 06 тамыз 2025 5776