Үндістанда нөсер жауын жауды

Үндістанда нөсер жауын жауды Сурет: News.sb.by

Ғаламдық климаттың өзгеруі байқалуда


Үндістандағы нөсер жауыннан кейінгі су тасқыны, көшкіндер мен ғимараттардың құлауы, муссондық жаңбыр бірқатар қиыншылық тудырды. Махараштра аудандарында өткен аптада 600 мм-ге дейін жауын-шашын түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Известия телеарнасына сілтеме жасап.


Елдің батысында қатты нөсер жаңбыр салдарынан 190 тұрғын қаза тапты. Кем дегенде 25 адам хабар-ошарсыз кеткен.


Егістік жерлерді су басты, 230 мың адам көшірілді. Үлкен өзендердің суы арнасынан асып, тасу қаупі төніп тұр. Штатта қатты жаңбыр туралы 40 жыл ішінде алғаш рет хабарланды. Жаһандық жылыну батыстағы ауа райының қолайсыздығының себебі деп санайды.



«Жаһандық жылынуға байланысты соңғы жылдары атмосфераның суды ұстау қабілеті артты. Төмен қысымды аймақтың пайда болуына байланысты қатты жаңбырдың мөлшері артып келеді. Нәтижесінде біз, әсіресе, елдің орталық бөлігінде қатты жауын-шашынмен бетпе-бет келеудеміз», - деді Үнді метеорологиялық басқармасының бас директоры Мрутиунджай Мохапатра.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54