Жыл басынан бері елімізде 909 көлік ұрланған

Жыл басынан бері елімізде 909 көлік ұрланған Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Ұрланған көліктердің 775-і табылған.


Мұндай деректерді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Ең жиі ұрланатын көліктерге келсек, бұл жерде Toyota, Lexus көліктері жиі ұрланатынын айтуға болады. Биыл 60-тан астам көлікке іздеу жарияланды. Оның 85 %-ы табылып, иелеріне қайтарылды», - деді ол.



Оның сөзіне қарағанда, ТМД елдерінің арасында ұрланған көліктерді бір-біріне қайтару бойынша тығыз байланыс бар.



«Бірлескен жұмыстардың арқасында кейінгі 5 жылда ТМД елдерінан Қазақстанда ұрланған 50-ден астам автокөлік табылды.



Ал біздің елден Достастық мемлекеттерінің аумағында ұрланған 200-ге жуық автокөлік іздестірілді.


Жыл басынан бері 909 көлік ұрланса, олардың 775-і табылып, заңды иелеріне қайтарылды.



Осындай қылмыстарды жасаған 19 қылмыстық топ ұсталды. Қазір олардың халықаралық байланыстары тексеріліп жатыр», - деді жедел уәкіл.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:38

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02