Кәсіпкерлер мен "жасотандықтар" футбол алаңында кездесті

Кәсіпкерлер мен "жасотандықтар" футбол алаңында кездесті Сурет: Almaty-akshamy

Іс-шараның мақсаты - жастарды белсенді спортқа тарту.


2021 жылдың 19 шілдесінде Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының белсенділері мен Қазақстан Жастар қоғамдық қоры сауда кәсіпорындарының жас жұмысшылары арасында «Дүйсенбілік спорт» футбол турнирінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.


Турнирге сауда орталығы мен базар, шаштараз салондарының қызметкерлері қатысты.


Мұндай іс-шара "жасотандықтардың" ұйымдастыруымен екінші жыл өткізіліп отыр. Биылғы жылы турнир туралы идеяны Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы қолдады.



19 шілде күні тоғыз турнирдің бірінші туры өтті. «Спартак» стадионының алаңына жас футбол жанкүйерлерінен құралған 32 команда жиналды. Ойын 5+1 форматында өтті.


Іс-шараның мақсаты - жастарды белсенді спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында футболды кеңінен дамыту.



«Біздің команда қатысқан турнир бір күндік іс-шара болып қана қоймай, турнирлік матчтар ары қарай өз жалғасын табатыны біз үшін жақсы. Осындай турнирлерге қатысқанымызға қуаныштымыз, өйткені ол біздің командамыздың бірлігін нығайтады, дамуымыз үшін жаңа мүмкіндіктер береді», – деп турнир қатысушысы Медетов Дулат өз әсерімен бөлісті.



Айта кетейік, карантин шараларына байланысты матчтар көрермендердің қатысуынсыз өтті.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12