Жас архившілердің білім жарысы өтті

Жас архившілердің білім жарысы өтті Cуреттер: Қайрат Қонысбай

Алматыда архивтану және іс жүргізу бойынша VII республикалық студенттік олимпиада өтті.


Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе архивтану және іс жүргізу бойынша VII республикалық студенттік олимпиадасын өткізді. Іс-шара ҚР «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының 25 жылдығына орай «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» архивтік марафонының аясында ұйымдастырылды. 


Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві аталмыш олимпиаданы биыл жетінші жыл өткізді. Олимпиаданың мақсаты – студенттердің ғылымға ынтасын арттыру, Ұлттық архив қорының құжаттарын әйгілеу, архив ісі мен құжаттануды насихаттау, архив мамандығының мәртебесін көтеру, жалпы архив ісі және құжаттануды дамыту.


«Аталған Олимпиаданы ҚР Президентінің Архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірге 2016 жылдан бастап өткізіп келеді. Дәстүрлі түрде бұл шараға республиканың жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қатысады.




Бүгінгі таңда қоғамның тұрақты дамуы жағдайындағы мемлекеттік қызметтерге цифрлық технологиялардың енгізілуі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлінің артуы архивтердің алдына жаңа міндеттерді белгілейді. Мемлекет тарапынан еліміздегі архив саласын дамыту бойынша белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін бірінші кезекте жоғары білікті мамандар қажет», – деп іс-шараның алғысөзінде ҚР Президент Архивінің директоры Әлия Мұстафина атап өтті.


Олимпиада екі кезең бойынша өткізілді: бірінші – «Креативті архивші» тақырыбында шығармашылық тапсырманы орындау; екінші – командалық ғылыми жобаларды қорғау.


Командалық ғылыми жобалар «Архивтегі цифрлық технологиялар» және «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы инновациялар» тақырыптарында болды.


Айта кеткен жөн, ҚР Президент Архиві архивтану және құжаттану пәндерін оқитын студенттерді кәсіби бағдарлау мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізіліп келеді. Архивте студенттер үшін практикалық сабақтар болады. Жас мамандар архив ұйымдастыратын іс-шараларға, тарихи көрмелерге, дөңгелек үстелдерге, белгілі ғалымдар мен тарихшылармен кездесулерге қатысады. Сонымен қатар еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындары мен орта арнаулы мекемелердің студенттері мен магистранттары жыл сайын Архивте өндірістік және ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17