Қайрат Нұртас «KN» таңбалы жылқы сатып жатыр

Қайрат Нұртас «KN» таңбалы жылқы сатып жатыр Сурет: Нұртас Айдарбековтың парақшасынан

Қайрат Нұртас 65 000 000 теңгеге 180 бас жылқысын сатып жатыр



Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков «Инстаграмдағы» прақшасына жарнама салды.



«Достар, сатылатын 100 бие, 80 жабағы бар. Степногорск қаласында. Жас жылқылар. Айырбастау қарастырылады», - деп жазды әншінің әкесі.



Қызығы сол, жарнамадағы суреттер мен видеодан сатылатын жылқылардың бәріне «KN» таңбасы басылғаны байқалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Айту керек, Нұртас Айдарбековтың оқырмандары бұл жарнаманы қызу талқылады. Оқырмандардың бірі «Неге қымбат КN дегені үшін бе?», «Қайраттың жылқылары болғым келіп кетті ғой», «Жағдайларыңыз түк жоқ екен ғой»,  «Өлең айтатын жылқылар сияқты»,  «Анда барсаң КН, мында барсаң КН, енді жылқының жамбасы да КН бопты ғой» деп реніштерін білдірсе, енді бірі «Таңбаны қатырыпсыздар», -деп таңданыпты. 


Жарнамада көрсетілген нөмірге хабарласып, жылқылардың бағасын білген едік. «Жылқыны толығымен алатын болсаңыз 65 миллион теңге болады. Бөліп аламын десеңіз онда сексен жабағыны толығымен алуыңыз керек. Әзірге олар кішкентай. Қазан айының жиырмаларынан ары қарай алуыңыз керек. Сонда кішкене дұрыс болады. Өткен жылы да сатқанмын. Ол кезде 220 000 теңгеден саудаланған. Биылда сондай болып қалады. Бір бас алғыңыз келсе, олай сатылмайды», - деді Нұртас Айдарбеков.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25