Жалған жарнамамен арзан бағада ұн алып беруге уәде еткен алматылық алаяқ ұсталды

Жалған жарнамамен арзан бағада ұн алып беруге уәде еткен алматылық алаяқ ұсталды Сурет: Polisia.kz

26 жастағы жігіт алматылықтарға арзан бағада ұн алып беруге уәде еткен.


Болжам бойынша интернет арқылы әрекет еткен 26 жастағы Б.есімді азаматтың интернет-алаяқтықтың екі дерегіне қатысы бары анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап



«Нақтырақ айтсақ, ол алдын ала төлем талап ете отырып, арзан ұн сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Ақшаны алғаннан кейін қаскөй байланысқа шығуын тоқтатты. ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіні ұстау кезінде одан екі телефон тәркіленіп, олар айғақты зат ретінде қылмыстық іске тіркелді. Қазіргі уақытта іс бойынша басқа да мән-жайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарды анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.



Ал тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың әрекетінен зардап шеккен адамдарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-775-747-77-78; 8-705-555-77-63; 8-778-481-19-00; 8-708-707-92-02. Полицейлердің мәліметінше, қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы мен ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24