Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды almaty-akshamy.kz

Ержан Бабақұмаров Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның отырысын өткізді


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен кеңесте 2021 жылдың жұмыс нәтижелері мен келесі жылға арналған жоспарлар қаралды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Кездесуге қатысушылар әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ өзекті проблемаларды шешу бойынша тиімді тәсілдерді әзірлеу мәселелерін талқылады.


Комиссия төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Сана Жандай атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы қалалық полиция департаментінің өкілі Гүлбану Сабралиева баяндады. Ана мен баланы қорғаудың өзекті мәселелері, оларды шешу жолдары бойынша Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали айтып берді.


Әйелдердің қоғамдық және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері де өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті. 


Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров комиссияның жұмысын барлық бағыттар, соның ішінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жол бермеу бойынша күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, отбасы институтын нығайту, қиын жасөспірімдерді бейімдеу және әлеуметтендіру, әйелдер мен балалардың мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру бойынша пәрменді шаралар әзірлеу қажеттігі атап өтілді. 


Сонымен қатар, Ержан Бабақұмаров тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша сервистік полиция жобасының элементтерін зерделеуді және практикада қолдануды тапсырды. Әйелдердің қоғамдық ұйымдарын өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерді қолдау жөніндегі дағдарыс орталықтары желісін кеңейтуге тарту қажет.


Талқылау барысында шешуді талап ететін өзекті мәселелерді анықтау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және әлеуметтік сауалнамалар жүргізу бойынша ұсыныстар енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06